Bugin

"NarcoSTOP" жобасы өткізілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" қолдауымен "Жоғары жастар кеңесі" ҚБ "NarcoSTOP" жобасы аясында Жетісу облысы жастарына заманауи әдістер мен кейстерді пайдалана отырып, нашақорлықтың алдын алу бойынша "Өмірді мағынаға толтыру", "Мен денсаулығыма жауаптымын" тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді,  деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Семинар Жетісу облысының 10 өңірінде, атап айтқанда Талдықорған, Балпық би, Үштөбе, Сарыөзек, Жаркент, Қарабұлақ, Текелі, Жансүгіров, Сарқан, Үшарал қалаларында ұйымдастырылды. Семинарға 400-ден астам жас қатысып, арнайы мамандардан көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының маманы қатысып, жастарға қылмыстық жауапкершілік, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, оларға қарсы күрес жайлы сөз қозғады.

Фото: bugin.kz

Фото: bugin.kz

""NarcoSTOP" жобасы аясында алдағы уақытта Жастарды репродуктивті денсаулығы туралы ақпараттандыру іс-шаралары, түрлі акция мен кездесулер жоспарда бар. Сондай-ақ, Жастар арасында синтетикалық есірткінің алдын алуға арналған 300 мың теңгеден 10 шағын грантты жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр", - деді "Жоғары жастар кеңесі" ҚБ төрағасы Жұлдыз Жақсыбай.